Smart Water Zone

Су ізін азайту үшін бизнесті біріктіреміз
Компанияңыздағы су ізін басқару деңгейін бағалап, жетістіктеріңізді растайтын белгіге ие болыңыз. Су ізін басқару жүйесін жетілдіріп, практикалық ұсынымдар алыңыз.

Су туралы ойлан. Бүгіннен әрекет ет!

Smart Water Zone — су ізін тиімді басқаруға бағытталған бизнеске арналған жоба.

Біз өндіріс орындарын, агроөнеркәсіп кешенін, тау-кен және металлургия кәсіпорындарын, қонақ үйлерді, кеңселерді, жоғары оқу орындарын, мектептерді, кафелерді, сауда орталықтарын және басқа да ұйымдарды қолдаймыз. Оларға су тұтыну көлемін бағалауға және азайтуға, инновациялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ суды үнемдеудің үздік тәжірибелерін кеңінен таратуға көмектесеміз.

Су тұтынуды азайту және су пайдалану тиімділігін арттыру Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Smart Water Zone белгісін алыңыз – жоғары экологиялық жауапкершіліктің дәлелі.
Су ізін азайту бойынша практикалық ұсынымдар алыңыз.
Бастамаға ешқандай шығынсыз қосылыңыз – қатысу мүлдем ТЕГІН!

Smart Water Zone - су ресурстарын жауапты пайдаланудың экожүйесіне қосылыңыз!

Smart Water Zone жобасына қатысу компанияларға өздерінің су ізін бағалауға, жетілдіру мүмкіндіктерін анықтауға, тиімді шешімдерді енгізуге және су ресурстарын басқару саласындағы жауапты бизнес мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургия кешені (ТМК), HORECA саласының субъектілері, кеңселер, жоғары оқу орындары және т.б.
Қазақстанның барлық қалалары
0 теңге – қатысу мүлдем тегін

Нысаныңыз үшін «Smart Water Zone» белгісін алыңыз

Экологиялық жауапкершілікті растайтын белгіге ие болыңыз
Қола белгі (200 баллдан бастап) – су ресурстарын жауапкершілікпен пайдалану жолындағы алғашқы қадамдарын жасап жатқан нысандарға беріледі
Күміс белгі (350 баллдан бастап) – су тұтынуды оңтайландыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп, тұрақты тәжірибелерді енгізіп жатқан нысандарға беріледі
Алтын белгі (500 баллдан бастап) – суды ұтымды пайдалану бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген және су ізін азайтуға бағытталған тиімді шешімдерді енгізген нысандарға беріледі
Платина белгісі (700 баллдан бастап) – су ресурстарын тиімді пайдаланудың үздік тәжірибелерін көрсететін, су ресурстарын басқаруда жүйелі тәсілді қолданатын және су ізін азайтуда көшбасшылық танытатын нысандарға беріледі
Smart Water Zone жобасының қатысушысы болу туралы шешім қабылдаңыз
Сауалнаманы толтырыңыз
Өтініміңізді жіберіңіз
Верификациядан өтіңіз
«Smart Water Zone» белгісін және ұсынымдар қамтылған есепті алыңыз

Біздің серіктестеріміз

Жобаны экология және орнықты даму саласындағы жетекші ұйымдар қолдайды
Coca-Cola — орнықты бастамаларды ілгерілетудегі көшбасшы
Green Urban – қауымдастығы – жасыл әрі орнықты қалаларды қалыптастыру жолында жауапты бизнесті біріктіретін ұйым.
GPI Group — орнықты даму және жасыл стандарттар саласындағы сарапшылар

Верификация қалай жүргізіледі?

Біздің сарапшылар нысаныңызды келесі негізгі критерийлер бойынша бағалайды:
  • Су тұтыну мен ағынды сулардың көлемін есепке алу;
  • Су тұтыну саласында неғұрлым тиімді технологиялар мен процестерді енгізу;
  • Қызметкерлер мен келушілердің хабардарлығы және тартылу деңгейі.
Осы деректердің негізінде су ізін, жетілдіру мүмкіндіктерін және қол жеткізілген нәтижелерді көрсететін есеп қалыптастырылады.

*Егер компания бағалау үшін қажетті статистикалық деректердің, нақтылаушы ақпараттың немесе құжаттардың бір бөлігін ұсынбаған болса, бағалау дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында верификатор оларды қосымша сұратуы мүмкін.

Деректер құрылымы

Компанияның атауы
географиялық орналасуы
қызмет саласы
нысанның ауданы
су ізінің қысқаруы
қолданылатын тәжірибелер мен технологиялар

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бастамаға қосылуыңызға көмектесу үшін біз әрдайым байланыстамыз!

Жиі қойылатын сұрақтар

Smart Water Zone дегеніміз не?
Smart Water Zone – бизнеске арналған су ізін басқару жобасы. Жоба компанияларға су ізін бағалауға, жетілдіру мүмкіндіктерін анықтауға және су тұтынуды азайту бойынша практикалық ұсынымдар алуға көмектеседі. Сонымен қатар өндіріс орындарына, агроөнеркәсіп секторына, тау-кен металлургия кешеніне, қонақ үйлерге, кеңселерге, жоғары оқу орындарына, мектептерге, кафелерге, сауда орталықтарына және басқа да ұйымдарға тиімді әрі инновациялық шешімдерді енгізуде қолдау көрсетеді.
Жобаның мақсаты мен негізгі міндеттері қандай?
Жобаның мақсаты – су шығындарын азайту, компаниялардың үздік тәжірибелерін зерделеу және енгізу, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша салалық ұсынымдарды әзірлеу арқылы су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру.
Жобаға қандай компаниялар қатыса алады?
Жобаға өз қызметінде су ресурстарын пайдаланатын және/немесе оларды пайдалану тиімділігін арттыруға мүдделі компаниялар қатыса алады.
Компанияның саласы немесе ауқымы бойынша қандай да бір шектеулер бар ма?
Ешқандай шектеулер жоқ. Су тұтынатын кез келген саладағы және кез келген көлемдегі компаниялар жобаға қатыса алады.
Жобаға қатысу компанияға қандай артықшылықтар береді?
Smart Water Zone жобасына қатысу компанияларға өздерінің су ізін бағалауға, жетілдіру мүмкіндіктерін анықтауға, тиімді шешімдерді енгізуге және су ресурстарын басқару саласындағы жауапты бизнес мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Smart Water Zone мәртебесі (белгісі) нені білдіреді?
Бұл – компанияның су ресурстарын ұтымды әрі тиімді басқару қағидаттарын енгізу және суды үнемдеу тәжірибелерін үздіксіз жетілдіру деңгейін растайтын белгі.
Бұл мәртебені қалай алуға болады?
Smart Water Zone жобасының қатысушысы болу туралы шешім қабылдап, сауалнаманы толтыру және верификациядан өту қажет. Верификациядан сәтті өткеннен кейін компания Smart Water Zone белгісін және ұсынымдар қамтылған есепті алады.
Қатысушыларды іріктеу критерийлері қандай?
Жобаға қатысуға дайын болуы, су тұтынуының болуы және мониторинг пен деректерді талдау құралдарын енгізуге базалық дайындық.
Қандай деректерді ұсыну қажет?
Компания туралы жалпы ақпарат (нысанның ауданы, қызмет саласы, өңірі және т.б.), сондай-ақ су тұтынуға қатысты деректер (бар болған жағдайда).
Ұсынылған ақпараттың құпиялылығы қалай қамтамасыз етіледі?
Ұсынылған деректер тек жоба мақсаттары үшін пайдаланылады және құпиялылық қағидаттарына сәйкес өңделеді. Қатысушының сұрауы бойынша құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімге (NDA) қол қоюға болады.
Қаржылық шығындар қарастырылған ба?
Жоқ. Жобаға қатысу тегін.